Accessibility links

Ирақ үкіметін тағы да Нұри әл-Мәлики жасақтайды


Ирақтың премьер-министрі болып қайта тағайындалған Нұри Әл-Мәликиге жаңа үкіметті жасақтауына 30 күн уақыт берілді. Парламенттегі шийттер мен сунниттердің саяси бірлестіктерінің мемлекеттік билікті бөлісу туралы келісіміне сәйкес, әл-Мәлики үкімет басында қалды.

Ирақ парламентінің Бағдадта өткен бейсенбіде болып өткен мәжілісі күрд көсемі Жалал Талабаниді президент етіп қайта сайлады. Өз кезегінде Талабани жаңа үкіметті жасақтауды тағы Нұри әл-Мәликиге жүктеді.

Ирақ парламенті өз мәжілісінде, сондай-ақ, сүнниттердің «Ирақия» блогы ұсынған Усама ән-Нуджаифиді спикер етіп сайлады.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG