Accessibility links

Барак Обама Ирақтағы билік бөлісін қолдады


Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама 8 айлық билік дағдарысынан кейін Ирақтағы саяси күштердің мемлекеттік билікті бөлісу туралы жаңа келісімге келуін Ирақ тарихындағы жаңа жеңіс деп сипаттады.

«Бұл келісім қазіргі Ирақ тарихындағы жаңа белес болып табылады. Ирақ халқы тағы да елді біріктіріп, оның болашағын қалауға ұмтылатынын көрсетті. Бұл ұмтылыс Ирақты жікшілдік соғыс пен террорға тұншықтырғысы келгендерден әлдеқайда қуатты», - деп мәлімдеді Обама.

«Үлкен жиырмалық» елдерінің Сеулдегі саммитінен кейінгі баспасөз-маслихатында президент Обама, сонымен қатар, Ирақтың жаңа үкіметі «халық тілегімен құрылатынын» атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG