Accessibility links

Астана: халық санағының нәтижесі 1,5 жыл кешігіп шықты


2009 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстан халқының саны 16 миллион 9,6 мың адамды құрайды. Ол туралы жұма күні республиканың статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов хабарлады.

Оның айтуынша, алдыңғы халық санағы өткізілген 1999 жылдан бері халық өсімі 1 миллион 27,7 мың адамды құрапты.

Оның ішінде қала тұрғындары 1999 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өсіп, 8 миллион 662 мың адамға жеткен.

Ауыл тұрғындары 12,4 пайызға өсіп, 7 миллион 347 мыңға өсіпті. Қала тұрғындарының үлесі 54,1 пайызға, ауыл тұрғындары – 45,9 пайызға тең көрінеді.

Қазақстандағы екінші ұлттық халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізілген болса да, қорытындысы 1,5 жыл кешігіп жарияланып отыр.
XS
SM
MD
LG