Accessibility links

АҚШ пен Қазақстан ауған рейстеріне қатысты келісімге қол қойды


АҚШ пен Қазақстан Ауғанстандағы американдық күштерге арналған жаңа транзит әуе жолдарын ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл Талибан мен басқа да экстремистік топтарға қарсы күресті қолдау үшін жасалып отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, 2001 жылы АҚШ Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы Ауғанстанға транзит рейстерін бастаған, қол қойылған келісім Астана мен Вашингтонның осы уағдаластығын күшейтеді. Жаңа транзит жолдарын ашу арқылы Қазақстан аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ауғанстандағы экстремизмді жеңу бағытындағы халықаралық әрекеттерді қолдап отыр делінген мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

Аталмыш келісімге жұма күні Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси-әскери мәселелері бойынша көмекшісі Эндрю Шапиро мен Қазақстанның Вашингтондағы елшісі Ерлан Ыдырысов қол қойған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG