Accessibility links

Ресей мен Жапония өзара қарым-қатынастарын жақсартуға келісті


Жапония сыртқы істер министрі Сэйдзи Маэхара мен оның ресейлік әріптесі Сергей Лавров екі ел қарым-қатынастарын жақсартуға уағдаласты. Сенбі күні Йокохамадағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті барысында кездескен Лавров пен Маэхара ынтымақтастықты нығайту Жапония мен Ресей үшін стратегиялық тұрғыдан пайдалы болады деп келісті. Бұл туралы Жапония сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Бүгін кешірек Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Жапония премьер-министрі Наото Кан кездеседі деп жоспарланған. Қарашаның 1-де Медведев екі ел арасындағы даулы аралдың бөлігіне барған соң, Мәскеу мен Токио қарым-қатынастары шиеленісе түскен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG