Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 8 адам қаза болды


Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз өлкесінде мотоциклге тиелген бомба жарылып, 8 адам мерт болды. Сонымен қатар бұл шабуылдан 18 адам жарақат алды деп хабарланып отыр.

Имам Сахеб ауданының басшысы Мохаммад Аюб Хакиярдың айтуынша, бомба базардың ішінде жарылған, қаза тапқандардың арасында 2 полиция қызметкері бар. Шабуылда үкіметшіл милицияның қолбасшысы Абдул Манан нысанаға алынған болуы мүмкін дейді Хакияр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG