Accessibility links

Үйқамақтан босатылған Су Чжи Мьянма халқын бірлікке шақырды


Мьянма үкіметі демократиялық оппозицияның жетекшісі Аунг Сан Су Чжиді үйқамақтан босатты. Жүздеген қолдаушысының алдында сөйлеген сөзінде Су Чжи халықты бірлікке шақырды. "Мақсатымызға жетуіміз үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек", - деді Су Чжи.

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Су Чжи 15 жыл бойы өз үйінде тұтқында отырды.

Таяуда Мьянмада соңғы 20 жылдағы тұңғыш сайлау болып өтіп, әскери билік онда өз жақтастарының жеңіске жеткенін мәлімдеді. Су Чжидің партиясы сайлауға бойкот жариялады.
XS
SM
MD
LG