Accessibility links

Пәкістандық күштер Суат жазығында 6 бүлікшіні өлтірді


Пәкістан армиясының өкілі хабарлағандай, қауіпсіздік күштері Талибан бақылауындағы Суат жазығында болған қақтығыста 6 содырды өлтірген.

Әскери өкілдің айтуынша, аймаққа комменданттық сағат Шакар Дараға жақын бақылау бекетіне бүлікшілер шабуылы болған соң енгізілген. Пәкістан күштері аймақтан шабуылдаушыларды іздеп шыққанда қақтығыс болды.

Суат жазығында 2009 жылдан бері тәліптерге қарсы әскери операциялар жүріп жатқанына қарамастан, қақтығыстар толастамай отыр.
XS
SM
MD
LG