Accessibility links

Ахмадинежад Ирақ үкіметінің келісімін қоштады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ирақтықтардың жаңа үкімет құру жолындағы қадамдарын мадақтады.

"ИРНА" ақпарат агенттігінің жазуынша, Ахмадинежад Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики және президент Жалал Талабанимен телефон арқылы сөйлесіп, Ирақ үкіметін құруға келіскендерін қоштап, құттықтаған.

Ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Ахмадинежад әл-Мәликиге "Теһран көрші елімен ынтымақтастығын күшейтуге дайын" деп айтқан.
XS
SM
MD
LG