Accessibility links

Британ генералы әл-Қаиданы толық жеңу мүмкін емес деді


Британия қарулы күштерінің басшысы әл-Қаида ешқашан толық жеңілмейді деді. Бірақ генерал Дэвид Ричардс үкіметтер бүлікшілерді шетінен қармап жатса, әл-Қаиданы толығымен жеңудің қажеті де шамалы деген.

Sunday Telegraph басылымына берген сұқбатында Ричардс, Осама бин Ладен бастаған террорлық топқа қарсы соғыста нағыз қару - "ағарту жұмыстары мен демократия" деп айтты.

Оның бұл сұқбаты Британия жексенбі күні соғыста құрбан болғандарын еске алу шараларын өткізіп жатқан тұста жарияланды.
XS
SM
MD
LG