Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан кемінде 3 бейбіт тұрғын қаза тапты


Ауған билігінің хабарлауынша, жексенбі күні бомба жарылысынан кемінде 3 адам қаза тауып, бірнеше кісі жарақат алды.

Елдің Ішкі істер министрлігі НАТО-ның әскери базасы орналасқан Жалалабад қаласына жақын маңда арбаға салынған бомба жарылғанда бір адам қаза болды деді. НАТО өкілдерінің хабарлауынша, сенбі күні базаға шабуылдаған талибан жасақтарымен атыста сегіз бүлікші қаза тапқан.

Пәкістанмен шекаралас Қандағар провинциясының басшылығы жексенбі күні мотоциклге қойылған бомба жарылып, екі адамның өмірін әкетті деп хабарлады.

БҰҰ Ауғанстандағы құрбан болған бейбіт тұрғындар саны өсіп барады деп алаңдады. Осы жылы қаза тапқан ауғандықтар саны 1,271-ге жетті.
XS
SM
MD
LG