Accessibility links

Гуанчжоу: қазақ спортшыларында 1 күміс 6 қола медаль бар


Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI жазғы Азия ойындарында қазақ спортшыларының қоржынында 1 күміс 6 қола медаль бар. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жабарлап отыр.

Сенбі, 13 қараша күні ерлер арасындағы 100 келіге дейінгі ауыр атлетика сайысында Максим Раков, 78 келі салмаққа дейінгі санатта әйелдер сайысы арасында Ғалия Өлментаева және 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Иссанова қола медальдарды жеңіп алды.

Жексенбі, 14 қараша күні ауыр атлеттар арасында 53 келі салмаққа дейінгі күміс медальға қазақстандық спортшы Зульфия Чиншанло ие болды. Дзюдо бойынша Ислам Бозбаев, триатлон сайысында Дмитрий Гааг және спорт билері бойынша Қазақстан командасы елімізге қол медальдармен оралатын болды.

Жалпы сайыстық қорытынды бойынша қытайлық спортшылары алда келеді. Қытай командасы 63 медальға, соның ішінде 24 алтын медальға ие болды. Екінші және үшінші орындарда Жапония және Оңтүстік Корея елдері тұр. Қазақстан бір күміс және алты қола медальмен оныншы орында.

XVI Азиада ойындары 27 қарашаға дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG