Accessibility links

Бас мүфти қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі барша қазақстандықтарды қарашаның 16-сы күні басталатын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

"Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастархан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін!",- делінген құттықтауда.

Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 г. алтынға тең ақшасы бар, басы азат, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды, не ешкіні яки бір адамнан жеті адамға дейін ниет ете отырып екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп.

Алматы қаласында Құрбан айт намазы сейсенбі, қарашаның 16-сы күні таңертең сағат 8.30-да оқылады.
Қазақстанда Құрбан айттың алғашқы күні демалыс деп жарияланған.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG