Accessibility links

Пәкістанда бомба жарылысынан 2 адам мерт болды


Пәкістанның солтүстік-батысында бомбаның жарылысынан 2 кісі қаза болып, үшеуі жараланды. Ол туралы Пәкістан үкіметі хабарлады.

Жарылыс дүйсенбі күні Пешавар қаласының іргесіндегі тәліптерге тойтарыс беруге үндегені үшін өткен жылы қаза тапқан Абул Мәлік деген жергілікті ақсақалдың үйі жанында болды.

Полиция өкілдері содырлардың көздегені марқұм ақсақалдың ұлы – Нұр Мәлік болуы мүмкін деп есептейді. Өйткені, Нұр Мәлік те тәліптерге қарсы күресуге уәде берген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG