Accessibility links

Грекия бюджет тапшылығын 2 пайызға кемітіп көрсеткен


Өткен жылы Грекияның бюджет тапшылығы бұрын көрсетілгеннен әлдеқайда ауқымды болды. ЕуроОдақтың статистика басқармасының хабарында осылай делінеді.

Басқарма сарапшыларының есебі бойынша, гректердің бюджет тапшылығы 15,4 пайыз, яғни бұрынғысынан шамамен 2 пайыз артық болған.

Осы тың мәліметтің шығуына байланысты, - деп мәлімдейді сарапшылар, - мемлекеттік шығындарды күрт қысқартуға уәде берген Грекияға ондаған миллиард еуро көмек бөлген ЕуроОдақпен және Халықаралық валюта қорымен арадағы келісімнің шарттарын ресми Афинаның жыл соңына дейін орындай алуы екіталай.

Әсіресе Гркияның мемлекеттік шығындарын күрт қысқартуына қарамастан, билік басындағы социалистер жексенбі күнгі жергілікті билік сайлауында 13 аймақтың 8-інде, оның ішінде Афина мен Солоникиде жеңіске жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG