Accessibility links

Британия бұрынғы Гуантанамо тұтқындарына өтемақы төлемек


Британиялық басылымдардың хабарлауынша, Лондон АҚШ-тың Гуантанамо абақтысында отырған бұрынғы тұтқындарға миллиондаған фунт өтемақы төлемек. Би-Би-Си-дің мәліметіне қарағанда, премьер-министр Дэвид Кэмеронның кеңсесі осы туралы сейсенбі күні парламентке мәлімдеме жолдамақ.

Пәкістан текті бірқатар британиялықтар Пәкістандағы абақтыда қорлық көргендерін айтқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG