Accessibility links

Қырғызстанда Бакиевке қатысты сот басталды


Бүгін Бішкекте осы жылғы сәуірдің 7-сінде орталық алаңда болған жаппай адам өлтіру фактісі бойынша сот басталды.

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Әзімбек Бакназаровтың хабарлауынша, ел тарихында алғаш рет аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты сырттай сот өткізіледі.

Қылмыстық іс бойынша 28 адам айыпталып отыр. Олардың бірнешеуі: экс-президент Құрманбек Бакиев, Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы жетекшісі Жаныш Бакиев, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Мұрат Сұлтанов және экс-премьер-министр Данияр Үсеновтер қазір шет мемлекеттерде.

Бекназаровтың сөзінше, сот оларға қатысты айыптаушы шешім шығарған жағдайда, аталған азаматтар тұрып жатқан кез-келген мемлекет оларды Қырғызстанға қайтаруы міндетті. Сот ашық жағдайда өтеді.

Сәуірдегі оқиғалар кезінде 86 адамға оқ тиіп мерт болып, мыңнан аса адам жарақат алған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG