Accessibility links

Қытайдың ұйғырға құрған үш қақпаны – 2


Үрімжідегі мешіт алдында серуендеп жүрген жас баласы бар ұйғыр әйелі. Қытай, 10 шілде 2009 жыл.

Үрімжідегі мешіт алдында серуендеп жүрген жас баласы бар ұйғыр әйелі. Қытай, 10 шілде 2009 жыл.

Екінші қақпан: «Ұйғыр қағанаты»

Ұйғыр тарихшылары Ұйғыр қағанаты туралы тарих жазып, өздерін осыдан 13 ғасыр бұрынғы ұйғыр қағанатының тікелей мұрагеріміз деп сезінеді. Шығыс Түркістандағы ұйғыр тарихшылары қытай жазбаларындағы «Хүигу» («хұихы») деп аталған тайпалар бірлестігіне қатысты деректерді тек өздерінің тарихына балап, солардың тарихын тек өздеріне меншіктеп алған. Оны оқыған, шынайы тарихын білмейтін кей ұйғыр жетекшілері «ұйғыр қағанаты арқылы бұрын қазақтарды да қол астымызда ұстағанбыз, біз империя құрушы ұлт болғанбыз» деп ойлап, өздерін жоғары ұстайды. Тіпті, қызды-қыздымен «Балқаштың шығысы, Алатаудан Алтайға дейінгі аралық – ұйғыр жері» деп соғады. Кейбір ұшқары топтардың «Ұйғырстан» картасына Жетісу өлкесін кіргізіп жүргені содан.

Ал іс жүзінде, қытай деректеріндегі хүигу (хұиқы) – қазір түркілік қасиеттен айрылып, әлдеқашан қытайласып кеткен сары ұйғырлар. Олардың қазіргі ұрпақтары Қытайдағы Сарыөзеннің орта ағарында өмір сүріп жатыр. Енді бір бөлігі – Гансу өлкесіндегі Иүйгу ұлты. Сөздің тоқетері – бір кездегі ұйғыр қағанатын құрып, бір мезет дәурен сүрген хүигу (хұихы) – бүгінгі ұйғырлардың тікелей ата-бабасы емес. Бұған қытай деректері дәлел.

Алайда соңғы отыз жылда қытай тарихи деректерін еркін пайдаланып отырған Қытайдағы ұйғыр тарихшылары сол бір хүигу (хұихы) тарихи атауын өздеріне меншіктеп алды. Бұған бүкіл тарихи еңбектерді бақылайтын қытай үкіметі, қытай ғылым академиясы әдейі жол беріп отыр. Себебі ол Ұйғыр қағанатының аты Алатаудай болғанымен, қытайдың Таң патшалығына тәуелді болып, достық қарым-қатынасты сақтаған. Бір сөзбен айтқанда, қытай «сол кездегі Ұйғыр қағанаты біздің қол астымызда болды» деп есептейді. Сол арқылы Ұйғыр қағанаты меңгерген территорияны да өздерінікі деп есептейді. Қытай үкіметі «сендер Ұйғыр қағанатының тікелей мұрагерсіңдер!» деген жалған атақты беріп, оларға сүйек лақтырғандай болғанымен, іс жүзінде осы тарихты ұйғырларға телу арқылы «сендер ата-бабаларыңнан бері бізге тәуелді болып келдіңдер және тәуелді бола бересіңдер!» деген саясатты алға тартып отыр.

Бірақ осындай қаскүнем ойды түсінген ұйғыр жоқ. Қазақстандағы бір ұйғыр тарихшысы Ұйғыр қағанаты туралы кітап жазып, өздерін үздіксіз «Ұйғыр қағанатының мұрагері» ретінде көрсетуге жанын салуда. Осы арқылы ұйғырлар қытайға сан мың жылдық тарихтан бері бодан болғандарын өз ауыздармен мойындап, өздерінің тәуелсіздік үшін күресін жоққа шығарып қана қоймай, қытайдың «Балқаштың шығысы, Алатау сағасынан шығысқа қарай – қытай жері» деген саясатына – қазақ жеріне көз алартқан саясатына білместікпен қолдау көрсетіп отыр. «Ұйғыр хандығының жері» деген сөз – ұйғыр жері емес, қытай жері деген сөз.

serikkerey@yahoo.com

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG