Accessibility links

Обама Медведевпен адам құқықтары туралы сөйлесті


Барак Обаманың кеңесшісі Майкл Макфолдың айтуынша, АҚШ президенті ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен елдегі журналистерге жасалып жатқан шабуылдар туралы "ұзақ және күрделі" келіссөз өткізген. Обаманың Ресей бойынша кеңесшісі Макфолдың мәлімдеуінше, Обама мен Медведев сенбі күні Жапонияда Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығы саммиті барысында кездескен. Бұл туралы Макфол "Сергей үшін әділеттік" деп аталатын деректі фильмнің АҚШ-тағы тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде айтты.

Аталмыш фильмде жемқорлыққа қарсы күрескен ресейлік адвокат Сергей Магницкийдің оқиғасы суреттеледі. Магницкий осыдан бір жыл бұрын түрмеде қайтыс болған еді.
XS
SM
MD
LG