Accessibility links

Иран мен Әзірбайжан өзара қарым-қатынастарын дамытпақшы


Иран және Әзірбайжан президенттері бүгін Бакуде кездесіп, екі ел қарым-қатынастарының дамуына сенім білдірді. Әзірбайжан мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Махмуд Ахмадинежад пен Илхам Алиевтің келіссөздерінен кейін энергетика мен көлік саласындағы түсіністік туралы меморандумға қол қойылған.

Екі ел президенттерінің келіссөздері туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді. Бейсенбі күні Каспий теңізі маңайындағы 5 ел - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркменстан мемлекеттерінің басшылары саммитке жиналады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG