Accessibility links

АҚШ Иранда адвокаттардың қудалануына алаңдаулы


АҚШ Ирандағы адам құқықтарын қорғайтын адвокаттардың қудалануына байланысты алаңдаушылық танытты. Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Филип Кроули адвокат Насрин Сотудеһтің сотын атап өтіп, бұл сот ісінде ашықтық жоқ деп мәлімдеді. Осыдан бірнеше күн бұрын Теһран прокуроры Аббас Жафари Долатабади Иран ислам республикасының заңдарын бұзатын әрекеттер жасады деген айыппен 5 адвокат қамауға алынды деп жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG