Accessibility links

Ирақ президенті Азизді өлтіру туралы қаулыға қол қоймайтынын айтты


Ирақ президенті Жалал Талабани Саддам Хуссейннің бұрынғы орынбасары Тареқ Азиздің өлім жазасы туралы қаулыға қол қоймайтынын мәлімдеді. Өткен айда Ирақтың жоғарғы соты Азизді исламшыл партияларды қудалағаны үшін өлім жазасына кескен болатын.

Франция телеарнасына берген сұхбатында президент Талабани Тареқ Азиз «христиан болғандықтан және оның жасы 70-тен асқандықтан» оның өлім жазасы туралы бұйрыққа қол қоймайтынын мәлімдеді. 2003 жылы АҚШ Ирақты басып алған соң Азиз қауіпсіздік күштеріне беріліп, содан бері түрмеде отыр. Ватикан мен Ресей Ирақты Азизге шығарылған өлім жазасын жүзеге асырмауды сұраған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG