Accessibility links

Астана: әуежайда суретке түсіру үшін БАҚ ақша төлеуі тиіс


Астанадағы халықаралық әуежайында фото немесе бейнекамераға түсіру үшін енді БАҚ өкілдері ақша төлеуі тиіс. Бұл туралы әуежайдың ресми сайтында көрсетілген деп, "Әділ сөз" қоры хабарлап отыр.

Қарашаның 17-і күні жарияланған ақпаратта, әуежай территориясында үш сағат бойы түсірілім жүргізгені үшін БАҚ өкілдері 13 854 теңге төлеуі тиіс. Одан кейінгі түсірілімнің әр сағаты 4 618 теңге тұрады. Ал перрондағы үш сағаттық түсірілім үшін 31 109 теңге, одан кейінгі әр сағат үшін тағы 10370 теңге төлеу қажет.

"Әділ сөз" қоры бұл жайтты БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру және қоғамдық маңызы бар ақпараттарға қол жетімділікті шектеу деп бағалап отыр.

Алайда, бүгін Астана әуежайының ресми сайтында аталған хабарлама жоқ болып шықты.
XS
SM
MD
LG