Accessibility links

Бакиевке қатысты сырттай сот кейінге қалдырылды


Бішкекте сәуір айында болған 80-нен астам адамның өліміне қатысты басталған сот процессі қарашаның 22-сіне қалдырылды. Қырғызстанның Жоғарғы сотынан хабарланғандай, судья тыңдаулар барысында тәртіп сақталып, адвокаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп отыр.

Бұдан бұрын адвокаттар өз қауіпсіздігіне қауіп төнгендіктен сот отырысына келмей қойған еді. Ал кешегі сот отырысында тәртіпсіздіктер болып, қаза тапқан азаматтартың туыстары адвокаттарға күш көрсеткен еді.

Сотта 28 адамға адам өлтірді және қызметтерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Сот алты адамды оның ішінде бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті сырттай жауапқа тартып отыр.
XS
SM
MD
LG