Accessibility links

Иран мен Ресей президенттері Бакуде кездеспек


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен оның ирандық әріптесі Махмуд Ахмадинежад бүгін келіссөз өткізеді. Бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар соңғы кездері шиеленісе түскен болатын. Медведев пен Ахмадинежад Әзірбайжан астанасы Бакудегі саммит барысында кездеседі. Басқосуға Каспий теңізі маңындағы елдердің басшылары жиналады.

Иран Мәскеумен арадағы байланыстарды күшейтуге шақырды. Сәрсенбі күні Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рамин Менхманпараст Russia Today телеарнасына берегн сұхбатында Иран мен Ресей ынтымақтастығына сыртқы күштер әсер етуде деп мәлімдеді.

Қыркүйек айында Мәскеу Теһранды S-300 зымырандарымен қамтамасыз ету жоспарын ресми түрде тоқтатқан соң екі елдің қарым-қатынастары нашарлап кетті. Сонымен қатар Ресей Иранға бірқатар санкция енгізу жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын қолдаған болатын. Ахмадинежад Мәскеуді АҚШ-тың ықпалына бағынды деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG