Accessibility links

АҚШ делегациясы Астанадағы ЕҚЫҰ саммитіне барады


Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон жетекшілігіндегі АҚШ делегациясы 1-2 желтоқсанда Қазақстанда өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Бұл туралы мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Роберт Блэйк сәрсенбі күні Вашингтондағы Өкілдер палатасының комитетінде жариялады. Блэйк Астанада өтетін саммитті Орталық Азиядағы оң дамулар мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аймақтағы ролін атап өтуге мүмкіндік деп сипаттады.

Қазақстан үкіметінің адам құқықтары мен демократия саласындағы нашар көрсеткіштеріне қарамастан Астана қаңтардың 1-де аталмыш ұйымға төраға болды. Осыған дейін бұрынғы Совет мемлекеттері арасында бұл халықаралық ұйымды ешбір ел басқармаған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының соңғы басқосуы 1999 жылы Түркияда өткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG