Accessibility links

Украинада үкіметке қарсы шеру жалғасып жатыр


Украина астанасында 2 мыңға жуық адам шеруге шықты. Олар үкімет ұсынып отырған салық реформаларына наразылық танытты.

Парламентке ұсынылған заң жобасына сәйкес кіші бизнеске салынатын салық көлемі ұлғаймақ. Киевтегі парламент ғимараты алдында жиналған шерушілердің айтуынша, заң жобасы ірі бизнестерге кеңірек жол ашып, кішігірім компанияларды салық жеңілдіктерінен айырады. Осыған ұқсас наразылық шарасы сейсенбі күні Киев, Харьков және Донецк қалаларында ұйымдастырылған болатын.

Ақпан айында президент Виктор Янукович билікке келгелі бері Украинада үкіметке қарсы мұндай ірі шеру өтпеген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG