Accessibility links

Каспийде уылдырықты балықтарды аулауға мораторий енгізілуі мүмкін


Каспий жағалауы елдері бес жылға дейін теңізден уылдырықты балықтарды аулауға тиым салуды қолдады.

Бұл турасында ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Бейсенбі күні Бакудегі жағалау елдері басшылары саммитінен кейін президенттер бұл мәселе үш айға дейін қарастырылатынын айтты.

Мұндай мораторий Каспийдегі уылдырықты балықтарың азая бастағандығымен түсіндіріліп отыр.

Аталған саммитке Қазақстан, Иран. Әзірбайжан, Түркіменстан және Ресей басшылары қатысқан болатын.
XS
SM
MD
LG