Accessibility links

Санкт-Петербургте ТМД елдерінің премьерлері жиналды


Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов те қатысатын бұл жиында ынтымақтастықты арттыру мақсатында 22 жоба құжаттарын талқылау жоспарланып отыр.

Құжаттар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экономикалық және гуманитарлық салада тығыз ынтымақтастық және болашақта дамуға бағытталған. Елеулі бөлігін экономика саласындағы ынтымақтастық және өзара әріптестік құрайды.

Олардың ең маңыздысы өндіріс және энергоқорларды тұтыну, Достастық елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін күшейту, ет-сүт өнімдерінің базары, еркін сауда аймағын іске асыру және құруға қатысты мәселелер болмақ.
XS
SM
MD
LG