Accessibility links

Аджип компаниясы алаяқтық жасады деген күдік бар


Қарашағанақтағы NCOC жобасының операторы Аджип компаниясы 11 миллион АҚШ доллары көлемінде алаяқтық жасады деген күдік бар. Осы негізде қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қаржы полициясы ақпараттық-сараптама департаментінің бастығы Әділ Абылқасымов хабарлады.

Оның сөзінше, компания объектердің бірінің құрылыс-жөндеу жұмыстарына жұмсалған 110 миллион доллар қаржыны екі рет есепке алған. Бұл сома кейіннен өндірілетін мұнай және газ көлемі есебінен өндіріп алу жоспарланған екен.

«Бұл факты бойынша қазіргі уақытта алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде», деп нақтылады қаржы полициясының өкілі.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG