Accessibility links

Ирландия ондаған миллиард еуро несиеге аса мұқтаж


Жұма күні Ирландия астанасы – Дублинде осы елді қаржы дағдарысынан шығарудың жолдары бойынша ирланд үкіметі мен Еуропа Одағының және Халықаралық валюта қорының арасында келіссөз басталады.

Ирландияның Орталық банк төрағасы Патрик Хонохэннің сөзіне қарағанда, ирланд үкіметі ЕуроОдақ пен халықаралық қаржы институтынан ондаған миллиард еуро несие сұрауға мәжбүр болатын сияқты.

Ирландияның банк саласындағы дағдарыс мемлекеттік шығындардың өсуіне және бюджет тапшылығының бұрын-соңғы болмаған көлемге дейін – жалпы ішкі өнім көлемінің 32 пайызына дейін жетуіне соқтырды.

Ресми Брюссель Ирландияның проблемасы Еуропаның ортақ валютасы – еуро аумағын дағдарысқа ұрындыра ма деп алаңдайды.

Одан бұрын қаржы дағдарысына Грекия душар болып, 110 миллиард еуро халықаралық көмек сұрауға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG