Accessibility links

Батыс Қазақстанда 8 әуе бомбасы аңғарылды


Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы ауданы аумағынан өткен бейсенбі күні иесіз жатқан 8 әуе бомбасы аңғарылды. Ол туралы жұма күні Қазақстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойынша, бомбалар Шұңғай теміржол бекетінен 12 шақырым қашықтықта аңғарылып, одан кейін оларды жарып құртты.

Қаза болған немесе зардап шеккен ешкім жоқ.
XS
SM
MD
LG