Accessibility links

Адам құқын қорғаушылар түрмедегі өлімді тергеуді талап етеді


Қазақстандағы азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдардың Коалициясы заң мекемелерінен Қостанай облысындағы Құсмұрын түрмесінде қаза болған тұтқын Қанат Мұхамбеткалиевтің өлімін тиянақты тергеуді талап етеді.

Адамның құқын қорғаушы ұйымдардың мәлімдемесінде Коалицияға Қанат Мұхамбеткалиевтің мәйітін зерттеудің нәтижесі берілгені айтылады. Соған байланысты олар Коалиция мүшелерін аталған іске қатысты тексеруге қосуды өтінеді.

Қанат Мұхамбеткалиев Қостанай облысындағы Құсмұрын колониясына 28 қыркүйекте жеткізілген болатын. Ресми хабар бойынша, 6 қазан күні ол бүйрегі жарамай ауруханада көз жұмды.

Адамның құқын қорғаушы Вадим Курамшиннің мәлімдеуінше, Қ.Мұхамбеткалиевтің денесінде, жорамал бойынша, ұрып-соғудың түрлі көгерген-қызырған ізі болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG