Accessibility links

НАТО мен Ресей зымыраннан қорғанысқа қатысты ынтымақтасуы мүмкін


НАТО басшылары Ресейді Таяу Шығыс сияқты аймақтардан төніп тұрған қауіптерден қорғану мақсатында зымыраннан қорғаныс жүйесін дамыту жобасына қатысуға шақырмақшы. Бұл мәселе Лиссабондағы НАТО саммиті барысында Ресей президенті Дмитрий Медведевпен талқыланады.

Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама Португалиядағы басқосуда сөйлеген сөзінде НАТО мен Ресейге бірдей қауіп төніп тұр деп мәлімдеп, Ресейдің аталмыш жүйені дамытуға шақырылатынын айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесін дамытуда Ресейдің нақты қандай роль атқарылатыны әзірше белгісіз. Бұдан бұрын Мәскеу АҚШ-тың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарын сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG