Accessibility links

Грузия президенті Обамамен кездесті


Грузия президенті Михаил Саакашвили Лиссабондағы НАТО саммиті барысында АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Саакашвили Обамаға Грузия НАТО-ның Ресеймен араласуын қолдайды деген. Бұл туралы Грузия президенті жұма күнгі кездесуден кейін "Франц-Пресс" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты. Сонымен қатар Саакашвили Грузияның НАТО-ға мүше болу ұмтылыстарын Обаманың қолдайтынына сенім білдірген.

Ақ үйдің мәлімдемесіне қарағанда, Обама Ауғанстандағы НАТО қауіпсіздік миссиясына Грузияның қосқан үлесі үшін Саакашвилиге алғысын білдірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG