Accessibility links

Джеймс Гиффен азат етілді


Қазақстанның ресми өкілдеріне миллиондаған доллар пара берді деп айыпталған АҚШ кәсіпкері Джеймс Гиффен босатылды. Жұма күні Нью-Йоркте АҚШ судьясы Уиллиям Поли Джеймс Гиффенді мерзімін өтеп болған түрме жазасына кесті.

Сонымен қатар сот төрағасы осыдан бірнеше жыл бұрын Гиффеннің мыңдаған совет еврейін батысқа көшіруге көмектескені туралы құпия мәліметтерді көргенін айтты. Судья Гиффенді АҚШ пен Совет одағы үкіметтерінің құпия келіссөздерінде маңызды роль атқарды деп мадақтады.

2003 жылы тұтқындалған Гиффенге мұнай келісім-шарттарын алу үшін Қазақстанның саяси жетекшілеріне пара берді деген айыптар тағылған болатын. Осы жылдың басында АҚШ прокурорлары Гиффенге тағылған негізгі айыптарды алып тастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG