Accessibility links

Санкт-Петербург барыстарды сақтауға арналған саммит өткізуде


Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына 13 елдің делегациясы жиналып, тұқымы азайып бара жатқан барыстарды сақтап қалуға бірлесе күш салу мәселесін талқылап жатыр.

Бұл саммит құрып бара жатқан барыстарды сақтау қажеттігін бірнеше мәрте айтып жүрген Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің төрағалағымен өтіп жатыр.

Кездесуде жойылып кету қаупі төнген әлемдегі жабайы жануардың санын 12 жылдың ішінде екі есеге жеткізуді көздейтін жұмыс жоспары жасалмақшы.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметіне қарағанда, өткен ғасырда саны 100 мыңдай болған мысық тұқымдастың бүгінгі таңда 3,200-дейі ғана қалған.
XS
SM
MD
LG