Accessibility links

Пәкістанда әуе соққысынан 6 адам қаза тапты


Пәкістанның барлау қызметі хабарлағандай, жексенбі күні АҚШ-тың адамы жоқ жоқ ұшағы тастады деп күдіктелген зымыран соққысынан алты адам қаза болды.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы ауылда талибан бүлікшілерін нысанаға алған шабуылдан үш бүлікші өлтірілген, қалғаны оларды жасырып жүргендер деп айтылды.

Associated Press агенттігінің жазуынша, Хадди ауылында болған бұл соққы туралы мәлімет берген ресми өкілдер аттарын атамауды қалаған.

АҚШ Пәкістанда зымыран соққысын жасап жатқанын қоғамға жариялағысы келмейді. Бірақ Пәкістан билігінің өкілдері аттарын атамастан, осы шабуылдан қаза тапқандар арасында әл-Қаида мен талибан жауынгерлері болды деп айтты.
XS
SM
MD
LG