Accessibility links

АҚШ-тың құрылысты тоқтату ұсынысына мыңдаған израилдік қарсы шықты


Бүгін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхудың кеңсесі жанына мыңдаған еврей қоныстанушылары жиналып, АҚШ-тың құрылыс жасауға уақытша тыйым салу ұсынысына қарсылық танытты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Батыс жағалауда үй салуды 90 күнге тоқтатып қоюды ұсынған. Оған айырбас ретінде Израилге саяси және әскери көмектер болатынын айтқан.

Бұл ұсыныс АҚШ-тың Израиль-Палестина бейбіт келіссөздерін қалпына келтіру жолында айтылған еді. Израилдің қыркүйек айында құрылысқа жариялаған мораторийі аяқталған соң бейбіт келіссөздер тоқтап қалған.

Израиль АҚШ-тың бұл ұсынысына әлі ресми жауап қатқан жоқ. Бірақ Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Американың уақытша құрылысты тоқтатуға шақырған ұсынысын сынға алып, егер Шығыс Иерусалимдегі қоныстанулар толығымен тоқтамаса, келіссөздерді қайта бастамайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG