Accessibility links

Қазақстанның оңтүстігінде бір отбасы улы газдан қаза болды


Бес адам, соның ішінде жас сәбилер Қазақстанның оңтүстігіндегі Майтөбе ауылында газбен уланып, көз жұмды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланып отыр.

Оқиға Майтөбе ауылындағы жер үйлердің бірінде 21 қараша, жексенбі күні таңертең белгілі болды.

Отынның пешке дұрыс жағылмауынан 4, 2 және1 жасар үш сәби мен 38 жастағы ер адам, 24 жастағы әйел адам қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG