Accessibility links

Ингушетияда храмға оқ атылды


Ингушетияда Орджоникидзевская станицасында белгісіз біреулер проваслав храмына оқ атты.

Жексенбі күні кешке Покров шіркеуінің күмбезіне гранатометтен оқ атылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Храм шатыры зақымданған.

Қазір оқиғаға қатысы бар адамдарды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG