Accessibility links

Вадим Курамшин азаптауға қарсы коалицияны айыптап отыр


Сотталушылар құқығын қорғаушы Вадим Курамшин елдегі Азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдардың коалициясы билік мүддесіне жұмыс істейді деп айыптап отыр. Оның сөзінше, өткен аптада Коалицияның түрмеде қаза тапқан сотталушы Қанат Мұхамбетқалиевтың өліміне қатысты бас прокуратураға жіберген хаты осыған дәлел.

Коалиция мүшелері Мұхамбетқалиевтың өліміне қатысты 347-1 (азаптау) бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды талап еткен. Алайда бұл бап негізінде айыпталушылар "адам өлтіру" фактісі бойынша жауапқа тартылмайды.

Курамшин бұл істі қасақана адам өлтіру деп тауып, колония қызметкерлерін қылмыстық кодекстің 96 бабы (адам өлтіру) бойынша жауапқа тартуды талап еткен. Өткен аптада Коалиция мүшелері Курмшинге бұл істе көмектемеміз деп, бас прокуратураға тиісті хат жолдаған еді. Алайда Курамшин, коалиция түрме қызметкерлерін жеңіл бап негізінде айып тағу арқылы билікке "ыңғайлы" позицияны ұстанып отыр дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG