Accessibility links

Вашингтон Пхеньянның уран байытуына алаңдайды


АҚШ-тың Солтүстік Корея бойынша арнаулы өкілі Сивен Босуорт уранды байыту ісінде ресми Пхеньянның айтарлықтай ілгері басқаны туралы ақпарға алаңдайтынын мәлімдеді.

Бұл пікірін Босуорт Оңтүстік Корея билігімен келіссөз өткізген Сеулде білдірді.

Оның алдында АҚШ-тың ядролық ізденістер саласындағы жетекші ғалымдарының бірі Зигфрид Хекер хабарлағандай, Солтүстік Кореяның шенеунектері оған уранды байыту үшін жүздеген центрифуга қондырығысы орнатылған зауытты көрсетіпті. Хекер көргеніне «аң-таң болғанын» айтады.

АҚШ қарулы күштерінің штаб бастықтары бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Маллен мұндай зауыттың болуы Пхеньянның ядролық қару жасап алуға ұмтылатынын растайды деп мәлімдеді.

Маллен Солтүстік Кореяны «қауіпті ел» деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG