Accessibility links

Алматы: перзентханадан жоғалған сәби анасына қайтарылды


Алматының №1 перзентханасынан жоғалған нәресте анасына қайтарылды. Бұл туралы сәбидің анасының құрбысы Анна Шахворостоваға сілтеме жасап, ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

«Бүгін таңғы сағат 5-те баланы анасына әкеп берген. Олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деп мәлімдеді сейсенбі күні телефон арқылы А. Шахворостова.

Оның айтуынша, баланың жағдайы жақсы.

Сәбидің қайда болғаны және оның кімнің ұрлап кеткенін әйел білмейді.

«Әкеп берді де қойды. Қалғанын кейін айтамыз», - деді А. Шахворостова.

Бұрын хабарланғандай, 20 қараша күні таңертең №1 перзентханадан 17 қарашада дүниеге келген сәби белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Қалалық денсаулық сақтау департаменті түсініктеме бермей отыр. Қалалық полиция баланы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG