Accessibility links

Иран 100-ге жуық тәжік студентін еліне қайтарды


Иранда діни білім алған 100-ге жуық тәжік азаматы Тәжікстанға оралды. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Давлат Назариевтің айтуынша, студенттердің көбі діни мектептерде заңсыз оқыған. Тәжікстан мемлекеті бұл үдерісті реттеуге құқылы деді Назариев.

Қыркүйек пен қазан айларында Тәжікстанның шығысы мен солтүстігінде болған зорлық-зомбылықтан кейін билік орындары ел үкіметтерінен заңсыз діни білім алып жүрген тәжіктерді үйлеріне қайтаруды сұрады.

Осыған дейін Мысыр Әл-Азхар университетінде оқып жүрген 100-ге жуық тәжік студентін еліне қайтарды. Тәжікстан ресми өкілдерінің айтуынша, 949 тәжік азаматының тек 38-і ғана Әл-Азхарда заңды негізде білім алған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG