Accessibility links

Карзай жалған Талибан өкілімен кездеспейтінін айтты


Ауғанстан президенті Хамид Карзай өзін Талибан жетекшісімін деп таныстырған кісімен кездесуден бас тартты. "Нью-Йорк Таймс" басылымының хабарлауынша, өзін Талибан басшыларының бірі Мулла Ахтар Мохаммад Мансурмын деген адам іс жүзінде алаяқ болған. "Вашингтон Посттың" мәліметінше, ол Пәкістанның Куетта қаласындағы бір дүкеннің иесі болған.

НАТО мен ауған ресми өкілдері жалған Талибан басшысымен үш рет кезсдескендерін айтып, оның НАТО ұшағында Кабулға жеткізгендерін хабарлады.

Пәкістаннан келген әлгі адамның келіссөздерге қатысуы үшін "көп ақша" берілген дейді бір дипломат "Таймс" басылымына. Ал ауған ресми өкілі әлгі кісіні Пәкістанның тыңшылық агенттігі жіберген болуы мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG