Accessibility links

Қазақстандық 9 әуекомпания «қара тізімнен» шықты


Еурокомиссия Еуропа Одағы елдері кеңістігінде ұшуға шектеу қойылған 9 қазақстандық әуекомпанияны «қара тізімнен» шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

10-11 қарашада Брюсселде (Бельгия) Еурокомиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің тыңдауы өтті. Онда Еуродақтың 27 елінің қарауына Қазақстанның авиациялық билігінің есебі ұсынылды. Соның нәтижесінде осындай шешім шығарылып отыр.

Одан өзге, «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысына ЕО елдері кеңістігінде ұшуына қойылған шектеу әлі алынған жоқ.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG