Accessibility links

Португалияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр


Бүгін Португалияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр. Наразылық шарасына соңғы 20 жылда алғаш рет мемлекеттік қызметкерлермен қатар жеке кәсіпкерлер де қатысып отыр.

Олар мемлекеттік бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін үкіметтің қолға алған шарасына қарсылық білдіруде. Дәлірек айтқанда, үкімет жалақы мөлшерін қысқартуды, салық жеңілдіктерін алып тастауды және әлеуметтік төлемдерді қысқартуды көздеп отыр.

Ел ішінде 500-ден аса әуе рейсі кейінге шагертіліп, ірі порттардың жұмысы тоқтылады. Банк, пошта сияқты бірқатар мекемелер де жұмыс істемейді. Шараға кей ақпарат құралдары да қосылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG