Accessibility links

Гуанчжоу: Қазақстандық бокcшы қола жүлдеге ие болды


Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Қазақстандық боксшы Саида Хасенова қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.

Жартылай финалда Саида Хасенова Тайландтан келген спортшыдан 3:8 есебімен ұтылып қалды.

Қазақстан құрамасы жүлделік есеп бойынша 7 орында тұр. Ел қоржынында әзірге 48 медаль, соның ішінде 7 алтын, 14 күміс және 27 қола жүлде бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG