Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен жаттығу өткізбек


АҚШ пен Оңтүстік Корея демалыс күндері бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын бастайды. Оңтүстік Кореядағы АҚШ күштерінің қолбасшысы бұл жаттығулар сейсенбі күнгі Солтүстік Кореяның шабуылынан бұрын жоспарланған болатын деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылаған соң аймақтағы жағдай шиеленісе түсті. Қарашаның 23-дегі шабуылдан Оңтүстік Кореяның екі сарбазы мерт болды. Осыдан кейін Оңтүстік Корея да оқ атты.

Сейсенбі күні президент Барак Обама Оңтүстік Кореялық әріптесі Ли Мюнг-бакпен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ өз одақтасымен бірге "иық тіресіп тұр" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG